Жол картасы бойынша Павлодар облысындағы жолдар мен әлеуметтік нысандардың жөндеу жұмыстары басталды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Мамырдың 3-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында Жол картасы бойынша нысандарды жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлады аудандар әкімдіктері.
None
None

Ақсу қаласында Жол картасы бойынша жалпы құны 11 млн. теңге болатын орталық кітапхананың жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда үш оқу залы жаңартылып, заманауи терезе жақтаулары мен кіреберіс есіктер орнатылады, жылу жүйелері мен жарық беру жүйесі ауыстырылады. Нысанда еңбекпен қамтамасыз ету орталығында тізімде тұрған 30 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.

Лебяжі ауданына Жол картасы бойынша биыл 83 млн. теңге бөлінген. Аққу ауылында қазіргі таңда аудандық аурухананы жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, жазда мектеп, жол, жылу жүйелері мен су құбырларының жөндеу жұмыстары басталады. Жүзге тарта тұрғын жұмыспен қамтамасыз етіледі, оның жартысы қайта оқытылып жатыр.

Шарбақты ауданында Жол картасы бойынша Шарбақты-Галкино автожолдарының жөндеу жұмыстары жүруде - сегіз мың шаршы метр төсем төселеді. Северное ауылы мен Галкино-Мақпал жолдарының жөндеу жұмыстары жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар