08:51, 09 Қыркүйек 2010 | GMT +5
«Жол картасы» жобасы аясында бірқатар емханалар күрделі жөндеуден өтті - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Биыл «Жол картасы» жобасы аясында Қызылорда облысы Арал ауданындағы бірқатар емханаларға күрделі жөндеу жұмыстары жасалып, елді мекендердегі емдеу нысандары қайта жаңартылды.
Сонымен қатар «Абай емханасын» күрделі жөндеуге 43,0 млн теңге, Арал аудандық кеңес беру диагностикалық емханасын, «Байтұрсынов» емханасын жай жөндеуге 2,7 млн. теңге бөлінген. Ағымдағы жылдың 5 айында аудандық кеңес беру диагностикалық емханасының елді мекендердің емханаларымен қоса шығындарына қаралған 249,9 млн. теңгенің 229,7 млн. теңгесі игеріліп яғни игерілуі 91,9 пайызды құрап отыр. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Арал аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып қайта тіркелді. Осы уақытқа дейін 197 440 мың теңге қаржы тапты. Бүгінгі таңда денсаулық саласында облыстық денсаулық сақтау басқармасының жоспарына сәйкес іс-шаралар өз шешімін табуда.