Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзушылар тұтқынға алынды

ҚОСТАНАЙ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін Қостанайдың мамандандырылған аймақаралық әкімшілік сотында төрт жүргізушінің ісі қаралды. Олар көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, мас күйінде көлік жүргізген.
None
None

Айыпталушыларды көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін 10 тәулікке бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Соттың төрағасы Торғат Ибрашев хабарлағандай, рөлге мас болып отыру проблемасына қоғам өкілдерінің назарын аудару мақсатында және жазаның бұлтартпастығын тағы бір айғақтау мақсатында сот процесін ашық түрде өткізу туралы шешім қабылданды. Осы арқылы мас күйінде көлік басқарудың салдары қандай болатындығын халық түсінетін болады.

Соңғы жаңалықтар