Жол полицейіне пара ұсынған азамат үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Жол полицейіне пара ұсынбақ болған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Ақмола облысының Ішкі істер департаментінен хабарлады.
None
None

Сенбі, 16 сәуір күні сағат 22.00-де Ақмола облысының Жол полициясы басқармасы «Астана-Петропавл» автожолының 198 шақырымында Макинск қаласының маңында СҚО Тайыншы ауданы, Үлкен Өзен ауылының 25 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Subaru-Legassi» автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші Петропавл қаласына бет алып келе жатты. Құжаттарды тексеру барысында жүргізушіде сақтандыру полисі жоқ екендігі анықталды.

«ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 175-бабы 2-тармақшасы бойынша әкімшілік хаттаманың толтырылмауы үшін жүргізуші жол полицейіне 5 мың теңге көлемінде сыйақы ұсынды. Бірақ полицей өз қызметіне адалдығын көрсетіп, полицейлер азаматты пара беру үстінде ұстады», - делінген хабарламада.

ЖПБ-дан атап өткендей, жүргізуші ҚР Қылмыстық кодексінің 312 бабында көрсетілген (пара беру) қылмыстық әрекетін жасады. Аталмыш баптың санкциясы 700-ден 2 мың АЕК-ға (1 АЕК - 1512 теңгеге тең) дейінгі айыппұл салуды немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Соңғы жаңалықтар