Жол полициясы басқармасы мен «Нұр Отан» ХДП жемқорлыққа қарсы бірлесіп күреспек

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/- Ақмола облысы ІІД жол полициясы басқармасы азаматтық қоғам институттарымен, «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясы және БАҚ-пен жол полициясы қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жолдардағы тәртіпті нығайтуға тығыз қарым-қатынас жасау туралы іс- қимыл танытуға келісімшарт жасасты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Көкшетауда ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті басшылығының, «Нұр Отан» ХДП өкілдерінің, облыстық мәслихат депутаттарының , полиция қызметіне бақылау жасау қоғамдық кеңес мүшелерінің және облыстық жол полициясы басқармасы жеке құрамының жұмыс кездесуінде жол полициясы қатарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, заңдылық пен тәртіпті сақтау, жол қозғалысына қатысушыларымен әдепті қарым-қатынас жасау мәселелері қарастырылды. Жол полициясы комитетінің төрағасы Өмірзақ Түсімовтың айтуынша, республика көлемінде өткен жылы пара беруге қатысты 102 оқиға, оның ішінде осы өңірде 6 оқиға тіркелсе, оның 46-сы бойынша сот шешімі шығарылған. Жыл басынан бері жеке құрамға 46 тексеріс жүргізіліп, 2 қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, екеуі қызметтен аластатылды. Сонымен қатар, жүргізушілерден түскен 11 өтініш бойынша шешім қабылданған. Жол полицейлерін аттестациядан өткізу, оған «Нұр Отан» ХДП, БАҚ өкілдерін, қоғамдық кеңес мүшелерін қатыстыру берік дәстүрге айналды. «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары Николай Политкин бұл істе ынтымақты жұмыс жасауға ынталы екендіктерін білдіріп, әрдайым қол ұшын беретіндіктерін атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар
Референдум