Жол полициясы: БҚО-да тіркелген автомотокөлік саны 145 мыңға жуықтады

ОРАЛ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында күні бүгін 144298 автомотокөлік тіркелген.
None
None

Облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның 103486-сы Орал қаласы, 40812-сі аудандардың үлесіне тиеді.

Биыл 81854 көлік техникалық байқауға әкелінсе, соның 2437-сі сынақтан өте алмаған.

Жыл басынан бері техникалық байқаудан өтпеген автомотокөлікті айдағаны үшін 2671 әкімшілік хаттама толтырылған.

Соңғы жаңалықтар