Жол полициясы қызметкерлері «Ақтөбе-Атырау» автожолында бір тонна сазан «ұстады»

АТЫРАУ. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Атырауда өткен түні жол полициясы қызметкерлері 1 тоннадан астам сазан балығы тиелген көлікті ұстады.
None
None

«Полицейлер жеңіл көлікті «Ақтөбе-Атырау» автожолында тексеру үшін тоқтатпақ болған. Алайда, жүргізуші тоқтау туралы бұйрықты елемей, жасырынуға тырысқан. Көліктің соңынан қуу жеңіл көлік қарға кептеліп қалғанша, бірнеше шақырымға созылды. Тексеру барысында жүргізушінің жасырынбақ болған әрекеті түсінікті болды: көліктің ішінде және жүксалғышында заңсыз ауланған бір тоннадан астам сазан балығы болды», - деп атап өтті облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова.

Тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар