18:46, 04 Қаңтар 2012 | GMT +5
Жол полициясы қызметкерлері бір түнде бірнеше қылмыс жасап үлгерген үш күдіктіні ұстады - БҚО
ОРАЛ. 4 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық жол полициясы басқармасы жедел бөлімшесінің қызметкерлері бір түнде бірнеше қылмыс жасап үлгерген үш күдіктіні ұстады.
Облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 2 қаңтар күні 2 сағатта «Лепесток» кафесі маңында әуелі олар Анатолий Мартынов деген азаматтың ұялы телефоны мен күртесін тартып алған. Содан кейін 3-те «Фольксваген-Пассат» маркалы таксимен «Птичник» саяжай қоғамына дейін барып, 1957 жылғы таксист Михаил Маньшинге күш қолданып, ұялы телефоны мен 15 мың теңгесін қымқырады. Сосын таңғы 9-да «Речник» саяжай қоғамына дейін «Фольксваген-Джетта» көлігімен жетіп, жүргізуші, 1984 жылғы Сергей Другаковқа бұрауыш тығып, 2 ұялы телефоны мен 53 мың теңгесін алып кетеді.
Жол полициясы қызметкерлері 1988 жылғы Д., 1989 жылғы А. және 1992 жылғы С. деген азаматты қолға түсірді. Бұлардың бәрі де бұрын сотталған.