Жол полициясының екі инспекторы пара алу үстінде құрықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Облыстық ішкі істер департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жол полициясының екі инспекторын пара алу үстінде құрықтады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Старшина және сержант шеніндегі инспек­торлар «Шымкент-Самара» тас жолының 628/1622 шақырымында «Скания» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Құжаттарында Ақтөбе қаласына жеткенге дейін жарамды деп көрсетілсе де, уақытша жүргізу куәлігінің мерзімі өтіп кеткені үшін көлікті қамайтындықтарын айтады. Полицейлер жүргізушіні қызметтік көліктеріне ертіп апарып, 3000 теңге алған. Осы сәтте өзіндік қауіпсіздік қызметкер­лерінің құрығына ілінген. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар