Жолаушылар пойызында 400-ден астам тасбақа табылды ? Атырау

АТЫРАУ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында шекарашылар Ташкенттен Ресейге бара жатқан жолаушылар пойызын тексеру кезінде әдеттен тыс контрабандалық жүкті тәркіледі. Купелердің біріне қаптарға салынған 400-ден астам тірі тасбақа табылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Тірі контрабандалық жүкті шекарашылар жолсеріктердің бірінің қызмет купесінен тапқан. Жолсеріктің айтуынша, тасбақаларды ол Волгоградқа жеткізетін болған, оларды жергілікті мейрамханалар сатып алады екен. Жүктің бәрі тәркіленді. Шекарашылар журналистерге мәлім еткендей, тасбақалар далаға босатылады. Жолсерік қамауға алынды.
Соңғы жаңалықтар