Жолаушылары төбелес шығарған ұшақ қонуға мәжбүр болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Брюссельден Мальтаға ұшып бара жатқан Ryanair әуе компаниясының ұшағы бортындағы жолаушылар арасында төбелес шыққан соң Италияның Пиза қаласына қонуға мәжбүр болды, деп жазады бельгиялық Soir басылымы.
None
None

Оқиғаға куә болған азаматтардың бірі оны ұялы телефонға түсіріп алған, деп хабарлады Риа Новости агенттігі.

Төбелес Шығыс Еуропа елдерінен келген жолаушылардың шектен тыс дөрекілігінен туындаған. Олардың қай ұлттың өкілі екендері белгісіз. Экипаж мүшелері төбелескен азаматтарды ажыратып алған. Соған қарамастан экипаж командирі ұшақты жерге қондыру қажет деген шешім қабылдаған.

Осылайша, Италияның Пиза қаласына қонған ұшақтың экипаж мүшелері 4 бұзық жолаушыны түсіріп тастады.

 

Соңғы жаңалықтар