Жолдарда апатты азайтуға бағытталған «Әрекеттер он жылдығы»- кең ауқымды жобаның басталуына дайындық жүріп жатыр

Жол-көлік оқиғалары нәтижесінен болжамдалған өлім деңгейін тұрақтандыру және кейіннен оны қысқарту мақсатында бүкіл әлемде Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 2010 жылғы 10 мамырдағы № 64/255 Бұрыштамасына сәйкес ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейдегі қызметті жандандыру арқылы 2011-2020 жылдар Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әрекеттер он жылдығы болып жарияланған. Оның ресми басталуы 2011 жылғы 11 мамырға белгіленген.
Қазақстан осы іс-шараларға белсенді қатысатын болады.
Ішкі істер министрлігінің бастамасы бойынша 11 мамырда еліміздің барлық өңірінде алдағы он жылдыққа жоспарланған әр түрлі іс-шаралардың басталуына арналған жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде кең ауқымды насихаттау акциялары өткізілетін болады, деп хабарлады ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің баспасөз қызметі.
«Он жылдықтың» шеңберінде балалардың құқығын жол жарақатынан қорғауды күшейтуді, жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі кейбір іс-шаралардың барлығын нақты жобаға біріктіруді, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласында халықаралық ұйымдардың басшылық рөлін нығайтуды ұсынылады.
«Әрекеттер он жылдығы» ресми 11 мамырда басталады, онда Жаңа Зеландиядан бастап Мексикаға дейін ірі қалаларда «Әрекеттер он жылдығы» ресми жаһандық басталуына арналған іс-шаралар өтеді. Сондай-ақ жұртшылыққа «Он жылдықтың» ресми символы - жолдардағы қауіпсіздік үшін жаһандық қозғалыстың Сары белгісі көрсетілетін болады.