19:50, 02 Маусым 2009 | GMT +5
Жолдау идеялары аймақтың әрбір тұрғынына жеткізіледі ? Жамбыл облысы
ТАРАЗ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысында Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және насихаттау үшін ақпараттық медиа-жоспар жүзеге асырылуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Күлімхан Тоғызбаеваның айтуынша, медиа-жоспар ауқымында бүгінге дейін 1 480 кездесулер мен жиындар, 200-ден астам «дөңгелек үстел» отырысы ұйымдастырылып, баспа және электрондық БАҚ үшін 700-ге тарта материал дайындалған. «Мемлекет басшысы Жолдауының маңызы мен идеясы әр аймақтың және біздің облысымыздың әрбір тұрғынына жетуіне үлкен жауапкершілікті сезінеміз. Жамбыл облысының елді мекендеріне мыңға жуық насихат тақталары (билбордтар және т.б.) орнатылды, онда Президенттің тарихи Жолдауында айтылған негізгі саяси бағыттар көрсетілген. Кездесулер барысында жұртшылық Үкімет пен жергілікті атқарушы органның дағдарысқа қарсы қабылдап жатқан шараларымен қызығушылықпен танысуда. Сонымен қатар халықтың елді дағдарыстан алып шығу жөніндегі Президент пен Үкіметтің іс-қимылдарына толық қолдауы байқалады», - дейді, К.Тоғызбаева.