Жолдауда айтылған ХХІ ғасырдағы жаһандық сын-қатерлер қауіп қана емес, жаңа мүмкіндіктер де ұсынады - М. Тәжин

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Жолдауда айтылған ХХІ ғасырдағы жаһандық сын-қатерлер қауіп қана емес, жаңа мүмкіндіктер де ұсынады. Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-сессиясы қарсаңында өткен Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысы барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин осылай мәлім етті.
None
None

«Елбасы айқындаған «Қазақстан-2050» стратегиясы мүлдем жаңа түрдегі кешенді шаралар ауқымын қамтып отыр. Жолдауда айтылған ХХІ ғасырдағы жаһандық сын-қатерлер қауіп қана емес, жаңа мүмкіндіктер де ұсынады. Сол тұрғыдан алғанда біз өзіміз Елбасы Жолдауын мұқият талдап, терең зерделеуіміз керек. Өйткені, Жолдау тек практикалық құжат емес, ауқымды стратегиялық мақсаттарды қамтыған құжат. Сол үшін оны ең алдымен Ассамблея Кеңесінде мұқият, салмақты әрі жүйелі зерттегеніміз орынды», - деді Мемлекеттік хатшы.

Соңғы жаңалықтар