16:25, 24 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Жосалы кентіндегі №12 кәсіптік лицейде жаңа мамандықтар ашылды
ҚЫЗЫЛОРДА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қармақшы ауданының орталығы - Жосалы кентіндегі №12 кәсіптік лицейде Үкіметтің дағдарысқа қарсы іс-жоспарына сәйкес жаңадан тігінші мамандарын дайындайтын бөлім ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жаңа мамандықты үйренуге тілек білдірушілер саны 50-ге жуықтады. Олар ай сайын 9750 теңге шәкіртақы алады. Жоғары және арнаулы орта білімі бар төрт оқытушы жастарды баулуға ыждағатпен кірісті. Лицейдегі теориялық кабинет пен зертхана соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған. Тәжірибелік сабақтар үшін әрқайсысының құны 32 мың теңгелік 10 шетелдік «Brother» тігін машинасы орнатылған. Талапкерлер қазірдің өзінде тұтынушылардан тапсырыстар қабылдай бастады.