10:09, 30 Мамыр 2009 | GMT +5
Жосалылық оқушы олимпиададан жүлделі оралды
ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Жосалы кентіндегі Ә.Егізбаев атындағы №121 орта мектептің оқушысы Нұрболат Тәжмаханов Өскемен қаласында өткен ІІІ республикалық олимпиададан жүлдемен оралды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Нұрболаттың мектеп оқушылары арасындағы экология тақырыбы бойынша "Тұщы су қоймасының паразитофаунасы" деген ғылыми ізденісі ғалымдар тарапынан жоғары бағаланды. Нәтижесінде зерек ойлы шәкіртке Семей мемлекеттік педагогикалық институтының басшылығы экология және география факультетінде осы салаға мамандану үшін грант бөлді.