08:32, 07 Наурыз 2012 | GMT +5
Жуалы ауданында Б.Момышұлы-Қошқар ата көлік жолы әзірге жабық - Жамбыл облысы
ТАРАЗ. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Жуалы ауданында Б.Момышұлы-Қошқар ата көлік жолы әзірге жабық болып қалуда, деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

«Жуалы ауданында болған жаяу бұрқасын салдарынан қар басқан көлік жолы Кеңес ауылына дейін ғана тазартылды, жолдың тағы 20 шақырымын тазалау керек», - деп түсіндірді Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Руслан Иманқұлов.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысы аумағындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдар, сонымен бірге Қордай, Күйік, Шақпақ және Хантау тәрізді күрделі тау асуларының учаскелері қозғалыс үшін ашық, «Қазақавтожол» РМК-ның арнайы жол техникасының көмегімен тазалау және себу бойынша жұмыстар өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Жамбыл облысы ТЖ бойынша департаментінің баспасөз қызметі.