Жұбан туралы қос бірдей кітап жарық көрді

ОРАЛ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ақиық ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Жұбан Молдағалиевтің 90 жылдығына орай Орал қаласындағы «Полиграфсервис» ЖШС баспаханасынан қос бірдей кітап жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оның бірі Ақжайық ауданының әкімі Абай Иманғалиевтың қолдауымен басылып шыққан «Қазақтың Жұбаны» атты естеліктер, әртүрлі жарияланымдар, жыр-толғаулар, ақын өмірін паш ететін сурет-естеліктерден тұрады. Қазақ әдебиетіндегі ақынның алар орыны оның жерлестерінің, бірге жүрген туыстары мен ақын-жазушылардың ойлы пікірлерімен толыға түскен. Екінші кітап облысқа танымал өлкетанушы Жайсаң Ақбайдың «Жұбан» атты кітабы. Бұған ақынның туған топырағы, өсіп-жетілген ортасы, әдеби шығармашылық өнерінің қалыптасуы арқау болған. Қос кітап та сапалы қағазға басылып, әсем безендірілген. Барша оқырман қауымға арналған екі кітаптың да тілі жатық, ойы биік.

Соңғы жаңалықтар