Жұма күні елдің оңтүстігінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болжануда, шығыста қар ұшқындайды

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Ертең, 6 қаңтар күні Қазақстанның басым аумағына антициклонның ықпалы сақталатындықтан күн райы ашық болады деп болжануда.
None
None

Бұл туралы «Қазгидрометтің» мәліметтеріне сілтеме жасап, ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, ауа ағындарының өтуіне байланысты оңтүстік аумақтарда жауын-шашын болады, кей жерлерде тұман мен көктайғақ күтілуде. Ал республиканың шығысында аздап қар ұшқындайды.

Атап айтқанда, Маңғыстау, Атырау, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының жекелеген өңірлерін тұман басады.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, Жамбыл облысының жекелеген аудандарында жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күн бұрқасындатып, тұман түседі, 15-20 м/с екпінде жел соғады.

Алматы облысын тұман басып, Алакөл ауданында жылдамдығы секундына 17-22 метрге жететін оңтүстік-шығыстан жел тұрады.

Таяу тәулікте Қазақстанның сулы нысандарының денінде мұз қату процесі жалғасады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы өзендерде су көлемінің ауытқуы байқалады, жекелеген өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар