Жұма күні Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 қарашада атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
None
None

Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күші 15-20, Шығыс Қазақстанда желдің екпіні 30 м/с-ге жетеді.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с-ге дейін күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар