Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттар мен дүлей апаттарды жою басқармасының жаңа басшысы тағайындалды - Павлодар

А.Ш. Манкеев 1959 жылы туған. 1982 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын стоматолог-дәрігер, 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1982 жылы Алматы қаласында интерн-дәрігер қызметінен бастады. 1982-1994 жылдары аралығында денсаулық сақтау жүйесінде қызмет атқарды. 1994-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Салықтық бақылау жүйесінде жұмыс істеді. 2009 жылғы маусымнан қазанға дейін Павлодар қаласы әкімінің жергілікті салықтарды жинау және біржолғы талондарды беру жөніндегі орталықтың директоры қызметін атқарды. 2009 жылғы қазаннан 2010 жылғы маусымға дейін Павлодар қаласы кәсіпкерлік бөлімінің бастығы. 2010-2011 жылдары - Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы. 2011 жылғы қарашадан бастап осы қызметке тағайындалғанға дейін Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы қызметін атқарды.