Жұмыс тобының отырысында ҰҚШҰ елдерінің әскери-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланады
деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мәжіліс жұмысына қазақстандық делегация да қатысады. Құрамына Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық саясат департаментінің, «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің өкілдері кірген делегацияны Қорғаныс министрлігінің Штаб басшылары комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор Оқас Сапаров бастап барды.
Мәжілістің талқысына ҰҚШҰ Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссияның бұған дейінгі отырыстарында талқыланған шешімдердің орындалу нәтижелері, ҰҚШҰ елдерінің Жарнамалық-көрме қызметі мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарының үйлестіру кеңесінің есептік кезеңдегі жұмыс қорытындысы салынады.
Жұмыс тобының мәжілісінде сондай-ақ, ҰҚШҰ елдерінің ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару жүйесін құру бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі ұсыныстар қаралмақ. Және ҰҚШҰ шеңберінде қорғаныс өнімдерін стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы келісімнің жобалары және басқа да өзекті мәселелер талқыланады.
Ал жұма, қазанның 1-інде ҰҚШҰ Әскери-экономикалық ынтымақтастығы комиссиясының VIII мәжілісі өтеді.