18:45, 23 Мамыр 2016 | GMT +5
Жұмысқа орналастырам деп 400 мың теңгені қолды еткен алаяқ ұсталды - Ақтөбе облысы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қандыағаш стансасындағы Желілік полиция бөліміне Ақтөбе облысы Ембі қаласының 32 жастағы тұрғыны шағымданып келді. Оның айтуынша, белгісіз тұлға оның сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 400 000 теңге қаражатын иемденіп кеткен, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Қаскүнем шағымданушының әйелін жұмысқа орналастыруға көмектесем деп уәде берген.
Көлік полицейлері жедел-іздестіру шараларының барысында Ақтөбе қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады.
Тексеру барысында ұсталған азамат Ақтөбе облысына қарасты Жем стансасындағы темір жол мекемесінің қызметкері болып шықты.
Күдікті өз кінәсін мойындады.
Аталған факт ҚР ҚК 190-бабының 2-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Қазір уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.