15:32, 06 Қаңтар 2012 | GMT +5
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 4447 адам бизнес негіздерін үйренді
АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бастап 4447 адам кәсіпкерліктің «әліппесін» оқып-үйренді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Pm.kz. сайтына берілген хабарламасында айтылды.
«2011 жылдың 11 айында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 4447 адам кәсіпкерлік оқуынан өтті», - делінген ведомство хабарламасында.
Биыл бағдарламаның аталған бағытын жүзеге асыруға 255,1 млн. теңге бөлінді, бүгінгі таңға дейін оның 161,72 млн. теңгесі игерілді.