16:19, 06 Қаңтар 2012 | GMT +5
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 68 987 адам кәсіптік оқумен қамтылды
АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - 2011 жылдың 11 айында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 68 987 адам кәсіптік оқумен қамтылды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі Pm.kz сайтына.
«Жергілікті атқарушы органдардың ресми мәліметтері бойынша, 2011 жылдың 11 айында кәсіптік оқумен 68 987 адам қамтылды. Көрсетілген кезеңде кәсіби-техникалық білім беретін 431 ұйыммен ынтымақтастық туралы келісім жасалды», - делінген ведомство ақпаратында.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2011 жылы бағдарлама аясында кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға 13081,6 млн. теңге бөлінген. Қазіргі уақытта оның 10 942,5 млн. теңгесі игерілді.