«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында ауыл тұрғыны жеке кәсібіне ие болды

ОРАЛ. 9 шілде. ҚазАқпарат - БҚО Қаратөбе ауданы Қалдығайты ауылында «Алтынай» тойханасы ашылды.
None
None

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына сәйкес жеңілдетілген несие алып, сәулетті де салтанатты тойхана ғимаратын салып бітірген жергілікті кәсіпкер Әлихан Ақмамбетов Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына осындай тарту жасады.

Ғимараттың ашылуымен аудан әкімі Асхат Шахаров құттықтап, мұның елорда тойымен тұспа-тұс келгендігін атап өтті.

«Алтынай» тойханасы арнайы тапсырыс бойынша бір мезгілде 250 мейманды қабылдай алады.

«Қазіргі заман талабына сай тойхана ашу мақсаты бұдан екі жыл бұрын ойға келген болатын. Елбасының сындарлы саясатының арқасында мемлекеттік бағдарламаны пайдалана отырып, жеңілдетілген пайызбен 4,5 млн. теңге алып, іске кірістім», - деді Ә.Ақмамбетов.

Соңғы жаңалықтар
Референдум