«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша халық кәсіпкерлік негіздерін үйренуде

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - «Тұран-Профи» халықаралық кәсіптік академиясында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында халыққа кәсіпкерлік негіздерін оқыту жүргізілуде,
None
None

 деп хабарлады Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында академия ректоры Манен Омаров.

Оның айтуынша, өткен жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында Ақмола облысынан 150 адам оқыған. Сондай-ақ Маңғыстау облысында тұратын 750 адам іскерлік негіздерін үйренген.

«Облыстардың жұмыспен қамту басқармалары іріктеу жұмысына өте үлкен назар бөлгені байқалады, себебі біздің курстарға келген бағдарлама қатысушылары жақсы дайындық деңгейін көрсетуде», - деп  атап өтті Манен Омаров.

Сондай-ақ, академия жанында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге бизнес-жобалар дайындауда қолдау көрсететін сарапшылар институты жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар