«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізілуде

Бұл туралы Академияның ректоры Манен Омаров Pm.kz сайтына берген сұхбатында мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы аталмыш бағдарлама аясында Ақмола облысынан 150 адам білім алды. Сондай-ақ Маңғыстау облысынан 750 адам бизнестің негіздерін үйренді.
«Облыстардың жұмыспен қамту басқармалары іріктеуге үлкен жауапкершілікпен қарағаны байқалады, себебі курстарымызға келетін бағдарлама қатысушылары жақсы дайындық деңгейлерін көрсетуде», - деп атап өтті Манен Омаров.
Сондай-ақ ол, Академия жанында істерін жаңа бастаған кәсіпкерлерге бизнес-жобаларды дайындауға көмектесетін сарапшылар институты жұмыс істейтіндігін атап өтті.
Еске салайық, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағыты - «Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» аясында кәсіпкерлік негіздеріне үйрету жүргізіліп жатыр. Бағдарлама қатысушылары өз ісін ашуға ниеті және мүмкіндігі бар азаматтар бола алады. 2011 жылы Қазақстанның барлық өңірінен 4 690 адам осындай оқулардан өтті.