«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы талқыланды - Қызылорда

Оны облыс әкімінің міндетін атқарушы Мадияр Алдоңғаров жүргізді.
Талқыланып отырған бағдарламаның жүзеге асырылу барысы жөнінде хабарлама жасаған облыстық жұмыссыздықты үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Ирина Ким мәселені оңды шешудің үш түрлі бағытын ұсынды. Біріншісі - жұмыссыздарды жаңа мамандықтарға оқыту арқылы олардың белсенділіктерін арттыру. Екіншісі - ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту. Үшіншісі - экономикалық белсенді жұмыссыздарды ұйымдастыру арқылы еңбек ресурстарының деңгейін көтеру. Бұларды жастары 25-ке толмаған ауыл жастары құрайды. Оларға шәкіртақы төленіп, оқытылатын мамандықтарды өздері таңдауға мүмкіндік беріледі.
Сондай-қ отырыста елімізде жүріп жатқан «Бизнестің жол картасы-2020», Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасы бойынша атқарылатын жұмыстарға жұмыссыз жастарды кеңінен тартуды мәселесі де ортағы салынды.