«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру тәжірибесін бүкіл республика бойынша таратуға болады - Е.Орынбаев

ӨСКЕМЕН. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Вице-премьер Ербол Орынбаев Шығыс Қазақстан облысындағы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының іске асырылу қорытындыларына оң бағасын берді.
None
None

 Бұл туралы ол Алтай техникалық паркінде өткен жиын барысында айтты.

 «Шығыс Қазақстан облысы Жұмыспен қамту бағдарламасын белсенді әрі табысты іске асырып жатыр, тұрғындарды ақпараттандыру бойынша жұмыс, бұл бағдарламаның қатысушысы болып үлгергендердің мониторингі жүйелі түрде өткізуде. Бұл тәжірибені бүкіл республика бойынша таратуға болады», - деді Е.Орынбаев.

 «Мен қазіргі кезде облыстағы нәтижелерге өте қанағаттанып отырмын», - деп мәлімдеді ол.

 Өз кезегінде ШҚО-ның әкімі Бердібек Сапарбаев Е.Орынбаевқа бағдарламаның барлық қаражаттары игерілетін айтып, қаржыландыруды көбейту мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Соңғы жаңалықтар