«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына бағытталатын қаржы 2 есеге артады - Г. Әбдіқалықованың Ақмола облысына жұмыс сапары

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - 2011 жылдың қорытындысы бойынша «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру мәселелеріне арналған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықованың жұмыс сапары аяқталуда.
None
None

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары барысында Атбасар ауданында болып, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының қатысушыларымен кездесті.

Сонымен қатар министр Г. Әбдіқалықова Атбасар «Қамқор» ЖШС филиалының электровоз жөндеу зауытынң басшысы Николай Пулатовпен кездесті.

Бүгінгі күні, Н. Пулатовтың хабарлауынша, зауытта 1800-ден астам жұмыс істейді, мекеме жоғары өндіріс көрсеткіштері үшін бірнеше рет мемлекеттік ататарға ие болып, наградалармен марапатталды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында электр жөндеуші, қырнаушы және дәнекерлеуші мамандарын оқытып, кейін зауытқа жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. 

Министр аталмыш бағдарламаның қатысушысы шаштараз-әмбебап мамандығы бойынша білім алып, қазіргі уақытта жұмысқа орналастырылған Ольга Процюкпен кездесті.

Жұмыс сапарының қорытынды бөлігінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы «Еңбек ресурстарының жұмылуын арттыру»  бағдарламасының үшінші бағыты бойынша қатысушылар үшін салынған №9 салалық колледж бен 10 пәтерде болып қайтты. 

«Жалпы алғанда Атбасар өңірінде жұмыссыздық жағдайы қалыпты, оның деңгейі жоғары емес - 5 пайыздан аспайды. Дегенмен халықтың көп бөлігі өз-өзін қамтамасыз еткен жұмыспен айналысады, оларды ресми жұмысқа тарту қажет. Сонымен қатар жұмыссыздар, кедейлербар, кейбіреулері қосымша қызмет жасайды және тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан да «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы мен біздің жұмысымыздың мақсаты -  әрбір ауыл, елді мекен тұрғындарынң жаңа мамандық, шағын несие алуға және жұмысқа орналасуға  мүмкіндіктері бар екендігін хабардар ету», - деді Г. Әбдіқалықова.

Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы ғана бағдарламының іске асуына республикалық бюджеттен 1 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.

«Биыл аталмыш бағдарламаға бағытталатын қаржы 2 есеге артады. Шамамен 2 мың жас адам біліктілігін арттырып, білім алады», - деп қорытындылады Г. Әбдіқалықова.

Соңғы жаңалықтар