«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына сәйкес Теректіде 81 жоба жүзеге асырылуда

    ОРАЛ. 17 қазан. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша Теректі ауданында 81 жоба жүзеге асырылуда.
None
None

Аудандық жұмыспен қамту орталығының мәліметі бойынша, ауданда аталған бағдарлама аясында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жұмыссыздар мен аз қамтылған отбасыларға төмен пайызбен несие беруге биыл республикалық бюджеттен 335 млн. теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі таңда 57 несие серіктестігі құрылып, бизнес-жоспарлары бойынша жобаларын бастап кетті.

Несие серіктестіктерінің бизнес-ұсыныстарына сәйкес 81 жобаның ішінде жылқы шаруашылығымен айналысуға ниет білдірген Шаған, Шағатай, Ұзынкөл, Аңқаты, Шалқар, Ақсоғым, Новопавлов және Абай ауылынан 10 жоба бекітіліп, 23 млн. теңге игерілуде. Ал ірі қара өсірумен шұғылдануға аудандағы барлық округтен ұсыныс түсіп, бүгінде 39 жоба жүзеге асырылуда. Бұл мақсатқа 186 млн. теңге жұмсалып отыр. Шошқа шаруашылығы бойынша Федоров және Подстепный ауылынан 2 жоба ұсынылып, 3 млн. теңге қаражат бөлінді. Құс өсіруге Новопавлов ауылынан бір ғана жоба қолға алынып, 1,5 млн. теңге қаржыны игеруде. Автокөлік жөндеу бағытында Шаған, Федоров, Пойма, Шағатай ауылдарынан 4 жоба ұсынылып, бұл салаға 17 млн. теңге алды. Қоғамдық тамақтану орнын ашу үшін 27 млн. теңге қаржыға 5 жоба бекітіліп, қазір Шаған, Пойма, Ақжайық, Федоров ауылдарында аталған жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ал 17 млн. теңгеге бағаланған үш жоба бойынша Федоров, Ақжайық, Сарыөмір ауылдарында монша салынып жатыр. Наубайхана және макарон цехын іске қосу мақсатында Абай, Алғабас, Ақсоғым ауылдарынан үш жоба ұсынылып, 7,2 млн. теңге қаражат бөлінді. Тігін цехын ашуға ниет білдірген Подстепный және Шаған ауылдарының тұрғындары 3 жобаны қолға алып, 6,5 млн. теңге қаржыны игеруде. Шаштараз салонын ашу үшін Шаған және Сарыөмір елді мекендерінен ұсынылған екі жоба 3,5 млн. теңгеге бағаланып, жүзеге асырылуда. 6,3 млн. теңгеге бағаланған 3 жоба бойынша Новопавлов, Ұзынкөл, Подстепный ауылдарында жылыжайдың құрылысы басталды. Бұл жобалардың барлығы да келер жылдың бірінші жартыжылдығынан қалмай ел игілігі үшін іске қосылмақ. Осы жобалардың негізінде ауданда 312 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар