«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының арқасында Ақмола облысының тұрғыны шаштараз ашты

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Ақмола облысының тұрғыны Нұргүл Амангелдіқызы Көпенова «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысқанға дейін шаштараз өнерімен үйінде айналысқан еді.
None
None

Бұл бағдарламаның іске асырылуы басталып жатқанын білген ол оның бірінші бағытының қатысушысы болуды шешті.

Щучинск қаласының кәсіби лицейінде 1 ай оқыған ол «шаштараз» мамандығы бойынша кәсібилікті көтеру курсынан өтті. Оқу барысында айына 12188 теңге көлемінде ақша, жол жүру қаражаты және лицей жатақханасында тегін тұру түріндегі әлеуметтік қолдау алған.

Оқудан өту барысында Нұргүл шаштараз ашқан. Н.Көпенованың маман ретінде қалыптасуына Еңбекшілдер ауданындағы Аңғалбатыр ауылдық округінің әкімі Әмина Жақыпова белсенді көмек көрсетіп, шаштараз үшін жабдықтарды сатып алуға жәрдемдесті.

Қазіргі кезде Нұргүлдің бір айдағы орташа табысы 18 000 теңгені құрайды. Ол жеке ісін ашқанына өте риза.

Соңғы жаңалықтар