«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының арқасында ауыл тұрғыны Атыраудан жаңа үй алып, жұмысқа орналасты

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының арқасында ауыл тұрғыны Атыраудан жаңа үй алып, жұмысқа орналасты.
None
None

1968 жылы дүниеге келген Қайрат Құбышев әйелі және екі баласымен Дамбы ауылдық округінің Пешное ауылында тұрып жатқан. Қайрат ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген еді, олардың ауылы экономикалық болашағы төмен елді мекендер қатарына кіргендіктен, осында жұмысқа орналасу оңайға соқпайтын.

 «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша ол ауылдан Атырау қаласының жаңа «Нұрсая» шағынауданына көшіп келді. Осында жаңа үш бөлмелі пәтер алды.

 Қоныстанған соң  «Қазстройсервис» АҚ-ның Атырау бөлімшесіне жұмысқа орналасты. Мұндағы айлық жалақысы 45 мың теңгені құрайды. Наурыз айында көші-қонына орай субсидия алады. Қ.Құбышев «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысқанына өте риза, өйткені соның арқасында ол жаңа үй алып, жұмысқа орналасты.

Соңғы жаңалықтар