«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының аясында бойжеткен біліктілігін арттырып, жұмысқа орналасты

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысындағы Шетпе ауылының тұрғыны Лаура Найзабекова 2010 жылы Ақтөбе қаласының Жұбанов атындағы мемлекеттік университетін «эколог» мамандығы бойынша тәмамдады.
None
None

Бірақ ол алған мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмады, себебі кәсіпорындарда бұ мамандық бойынша бос орындар болған жоқ.

 2011 жылдың тамызында жұмыс іздеп жүрген Л.Найзабекова жұмыспен қамту органдарына барды, бұл жерде оған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының аясында «лаборант» мамандығы бойынша 12 188 теңге көлемінде шәкіртақы төленетін 3 айлық курста кәсіби біліктілігін арттыруға ұсыныс жасалды.

Бағдарламаның бірінші бағытының қатысушысы болған бойжеткен оқып болған соң «ҚазАзот» ЖШС-нан тұрақты жұмыс таба алды. Бүгін ол сол жерде лаборант болып қызмет етуде. Жалақысы - 30 мың теңге.

Соңғы жаңалықтар