«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бірінші бағытының қатысушысы әлеуметтік қолдау алып, кәсіби біліктілігін көтерді

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бірінші бағытының қатысушысы - 26 жасар батысқазақстандық Перизат Әкімова әлеуметтік қолдау алып, кәсіби біліктілігін арттырды.
None
None

П.Әкімова көп уақыттан бері тұрақты жұмыс таба алмады. Жергілікті газеттен бағдарлама туралы мақаланы оқыған соң, Жанғалы ауданының жұмыспен қамту орталығына келді.

 Қажетті кеңес алған ол әңгімелесуден өтіп, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысу туралы өтінішін жазып, оң шешім алды.

Одан кейін  Жанғалы ауданының жұмыспен қамту орталығымен  әлеуметтік келісім-шарт орнатып, 2011 жылдың 4 қазанында өз мамандығы бойынша кәсіби біліктілігін арттырды, оған қоса 12 188 теңге көлемінде шәкіртақы, тегін жол жүру және жатын жайына әлеуметтік қолдау алды.

Қазіргі кезде Перизат «Халық банкі» АҚ-да бақылаушы-кассир ретінде машықтануда, болашақта осы жерде тұрақты жұмысқа қалуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар