«Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасының түпкі идеясы мықты болғанымен, оны жүзеге асыруда көптеген заңбұзушылықтарға жол берілді

  АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасы түпкі идеясы мықты, өміршең құжат. Алайда бір жылдың ішінде аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруда көптеген заңбұзушылықтарға жол берілді»,- деді бүгін Мәжіліс депутаты
None
None

Мұрат Әбенов «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі сараптама тобының кезекті отырысында. 

Оның айтуынша, бағдарламаның негізгі идеясы елдегі жұмыссыздықты азайту. Өкінішке орай, бағдарлама аясындағы жұмыстар талапқа сай атқарылмай отыр. «Мысалы бізде осы бағдарлама аясында оқып жатқан жастар жөнінде жан-жақты сарапталған ақпарат жоқ. Оқуға кімдер алынып жатқанын білмейміз. Бұлай дейтін себебіміз жоғары оқу орындарының басшылары жіберілген балалардың оқығысы келмейтіндігін, тіпті олардың сабаққа да бармайтындығын айтуда. Алайда оқу орындарының басшылары оларды оқудан шығара алмайды. Өйткені ақшасы төленіп қойған»,- деді депутат. 

Оның сөзінше, бүгінде елдегі барлық деңгейдегі әкімдер үй салуға қызықты. Өйткені оларға қаржы бөлінеді. Ол қаржыға өте қымбатқа

үй салынып жатыр. Ең бастысы ол үйлер керек емес аймақтарға салынуда. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер даму деңгейі, экономикасы жоғары аймақтарға салынулары керек. Ал жұмысшылар даму деңгейі төмен аймақтардан көшірілулері қажет. Ал бізде экономикасы төмен жұмыссыздары онсыз да жетіп-артылатын ауылдарға үй салынған. Ал жұмыс жоқ жерде үйдің қажеті не? Біз бағдарлама басталмай тұрып, осы мәселені көтердік. Соған қарамастан ол назардан тыс қалып отыр. Мұны құзырлы министрлік өкілдері де мойындайды»,- деді халық қалаулысы.

Соңғы жаңалықтар