Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 2016 жылға қарай өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 30 пайызға дейін қысқарады

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 2016 жылға қарай өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 30 пайызға дейін қысқарады.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық - Қазақстанды индустриялық дамытудың кадрлық резерві» тақырыбында өткен «Нұр Отан» ХДП фракциясының жанындағы Әлеуметтік кеңестің отырысы барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов осылай мәлім етті.

Басқосу барысында вице-министр «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасында көрініс тапқан негізгі бағыттар мен жұмыссыздықты шешу жолдарына тоқталып өтті. Үкімет бекіткен аталған бағдарламаның негізгі мақсаты - орнықты әрі өнімді жұмыспен қамтамасыз ету жолымен жұртшылықтың табысын еселеу. Биылғы жылы бірінші кезең атқарылып, ол бойынша ілкі мәселелер қамтылатын болады. Сондай-ақ бағдарламаның екінші кезеңі 2012-2015 жылдарды, үшінші кезеңі - 2016-2020 жылдарды қамтитын болады. «Жалпы, алғанда болжамдарға сәйкес 2016 жылға қарай Үкімет бағдарламаны жүзеге асыруға 1,5 млн.-нан астам адамды тартатын болады. Бұдан бөлек елдегі кедейшілікті 8,2 пайыздан 6 пайызға дейін төмендету мақсаты бар. Жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайыздан аспайтын болады. Бұндай көрсеткіштерге қол жеткізу біздің халықтың жалпы әл-ауқатына да оң әсер етеді деп ойлаймыз. Жұмыспен қамтылғандар арасында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үлесі 30 пайызға дейін қысқарады» - дейді Б. Нұрымбетов.

Соңғы жаңалықтар
Референдум