Жұмыссыз екеу Теміртаудың 26 жастағы тұрғынына оқ жаудырды

ҚАРАҒАНДЫ. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласында тәртіп сақшылары үйдің кіреберісінде оқ боратқан жергілікті жұмыссыз екі тұрғынды құрықтады.
None
None

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

«29 сәуір күні Теміртау қалалық ІІБ Шығыс полиция бөліміне 26 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, үйінің кіреберісінде белгісіз тұлғалар оған оқ жаудырғанын айтты. Көп ұзамай Шығыс полиция бөлімінің түнгі жедел-іздестіру тобы қаланың жұмыссыз қос азаматын қолға түсірді. Олар жігітке бұзақылық пиғылмен пневматикалық қарудан атқанын мойындады», - делінген таратылған хабарламада.

Бүгінгі таңда аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 257-бабына («Бұзақылық») сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар