Жұмыссызды есепке тіркеу барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылыққа жол берген тәртіптік жазаға тартылды - Қызылорда

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы хабарлады.
Атап айтқанда, П.Күреңбаеваның Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жазған өтініші және өтінішке қоса берілген құжаттарының көшірмесі Төретам кенті әкімшілігінің бас маманы Г.Телжанова қабылдағанымен, ол дер кезінде Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолданбаған..
Нәтижесінде, П.Күреңбаеваның жұмыссыз ретінде есепке қоюға ұсынған өтініші мен құжаттары жұмыспен қамту бөліміне тек көп кешіктіріліп тіркеліп, сол күні жұмыссыз іздеуші ретінде есепке алынған.
Осы тексеру қорытындысы негізінде прокуратура Төретам кенті әкіміне заң бұзушылықты жойып, өз қызметіне немқұрайлықпен қарап, П.Күреңбаеваның құқығын іске асыруда көрінеу кедергі жасап, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарға жол берген кент әкімшілігінің бас маманы Г.Телжанованың тәртіптік жауапкершілігін шешу жөнінде ұсыныс енгізді.
Ұсынысты қараған кент әкімінің өкіміне сәйкес Г.Телжановаға «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» жарияланды.