Жұмыссыздық деңгейі төмендеп, тұрмысы нашарлар азаюда - Павлодар облысы

деп хабарлады аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев республиканың Тәуелсіздік күні құрметіне өткен салтанатты жиналыста. 11 айдың қорытындысы бойынша облыста орташа айлық жалақы 57 мың теңгеге дейін өсті. Жұмыссыздықтың деңгейі өсуін тоқтатты, оның ресми деңгейі қазір 6,5 пайызды құрайды, бұл экономиканың өсу кезінде тіркелген деңгейден 0,4 пайызға төмен, деп атап көрсетті облыс әкімі өз сөзінде.
Егер жылдың басында 11 мыңнан астам адам қысқартылған жұмыс кестесі бойынша еңбек етсе, қазір кәсіпорындарда толық жұмыс күні қалпына келтірілді, кейбір кәсіпорындарда жалақы индексациялануда және сыйақылар төленуде.
«100 мектеп, 100 аурухана» президенттік бағдарламасының аясында биыл үш орта мектеп салынды. Май ауданының Көктөбе ауылында орталық аурухана жоспардан тыс іске қосылды. Жылдың соңына қарай Павлодарда - емхана, Железинка селосында - аудандық аурухана, Ақсу қаласында - 1200 орындық орта мектеп пайдалануға беріледі.