«Жүрек жылуы» акциясының ұйымдастырылуы туралы баспасөз мәслихаты өткізілді

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оған акцияны ұйымдастыру комиссиясының мүшелері қатысты.
А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет орталығында өткен қайырымдылық шарасына Қызылорда қаласындағы ұйымдар, кәсіпорындар, түрлі мекеме қызметкерлері мен жекелеген азаматтар қатысты. Акция барысында «ҚазГерМұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 5 млн., «Дорстрой» ЖШС - 1 млн., «Қыран» ЖШС 1 млн. теңге көлемінде қаржы аударғаны мәлім болды. Сондай-ақ қала әкімдігі 800 мың, облыстық денсаулық сақтау саласы - 500 мың, мәдениет саласы қызметкерлері 415 мың теңге қаражат түсірді. «Игілік» корпоративтік қорының директоры Ақтолқын Шереханның мәлімдеуінше, қор есебіне түскен нақты қаражат көлемі 6 млн. 798 мың теңгені құрайды. Жалпы акция барысында түскен қаржылай жәрдем - 12 млн. 897 мың теңге.