«Жүргізуші куәлігін сатып алдым» деп мақтанған қыз полицейлерден кешірім сұрады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат  - «Жүргізуші куәлігін сатып алдым» деп мақтанған қыз  полицейлерден кешірім сұрады. Бұл жөнінде Алматы облыстық ІІД мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматы облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының  бастығы  Рахимов Алпыстың айтуынша, бойжеткен және оның әкесі  ауызша және жазбаша түрде тәртіп сақшыларынан кешірім сұраған. Қазір аталған іс бойынша әлі тексеру жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Талғар қаласының 20 жастағы тұрғыны куәлік алу үшін сынақты қосымша дайындықтан өткеннен соң, екінші мүмкіндігінде ғана тапсыра алған.

Еске сала кетейік, инстаграм желісінде бойжеткен жүргізуші кәулігін сатып алдым деп мақтанып, әкесіне  алғысын білдірген еді. Бұл желі қолдаушылардың наразылығын тудырып, арты тексеріске ұласқан болатын.

Соңғы жаңалықтар