Жүргізуші куәлігінен айырылған Қарағанды облысының тұрғыны өзінің тегін өзгерту арқылы жаңа жүргізуші куәлігін алған

ҚАРАҒАНДЫ. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысындағы Приозерскіде екі жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған азамат өзінің аты-жөнін өзгерту арқылы жаңа жүргізуші куәлігін алған.
None
None

Бұл факті әкімшілік тәжірибе мәселелері талқыланған облыстық прокуратураның алқа мәжілісінде жария етілді.

«Көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы сот шешімін орындамау фактілері орын алды, - деп атап өтті өз баяндамасында облыстық прокуратураның басқарма бастығы Азамат Дүйсебеков. - Мәселен, өткен жылдың наурызында Қарағанды қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен Айдар Қанатович Нұрбаев көлік құралын басқару құқығынан екі жылға айырылған еді. Араға бір ай салып, ол өзінің фамилиясын Қанатұлы деп өзгертіп, Приозерск қаласының ІІБ-нан басқа жүргізуші куәлігін алды».

Аталмыш факті бойынша Приозерск қаласының прокуратурасы 2010 жылғы маусымда ҚР ҚК 323 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол іс кейін сотқа жолданды, деп хабарлады облыстық прокуратураның басқарма бастығы.

Соңғы жаңалықтар