Жүріп келе жатқан пойыздан секіріп түскен азамат мерт болды - ТЖМ

АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылғы қазанның 31-і күні Солтүстік Қазақстан облысында қозғалыс үстіндегі маневрлік пойыздан секіріп түскен 17 жасар ер бала қаза тапты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.

  Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, оқиға кешкі сағат 18:00-де болған. Мәселен, СҚО, Айыртау ауданына қарасты Саумалкөл ауылының Володарская және Янко стансыларының арасындағы №5 бекетте, жүріп келе жатқан № 3801 маневрлік пойыздан 1992 жылы туған азамат белгісіз себептермен кенеттен секіріп түсіп, алған жарақаттардан ауруханада көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар