Журналистер конкурсының тақырыбы: «Әйелдердің Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға атсалысуы» деп аталады

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар облысында баспа және электронды БАҚ журналистері арасында «Әйелдердің Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға атсалысуы» деген тақырыптағы ең үздік мақалаға байқау жарияланды,
None
None

деп хабарлайды Павлодар әкімінің баспасөз қызметі.

Байқаудың мақсаты - әйелдердің елдегі қоғамдық-саяси өмірге белсенді түрде араласуын насихаттау, әйел адамдардың қоғамдағы рөлін жақсы қырынан байқату. Байқау қорытындылары «Саясат пен экономикадағы әйел азамат», «Сапалы білім - елдің бәсекеге қабілеттілігіне бастайтын жол», «Әйел азамат Қазақстанның дені сау ұрпағы үшін» атты аталамдар бойынша шығарылады.

Шығармашылық бәйгені ұйымдастырушылар - «Кәсіпкер әйелдер одағы» қауымдастығы, ҚР Мәдениет министрлігі, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер ісі мен отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, «Нұр Отан» ХДП.

Соңғы жаңалықтар