Журналистік этика қағидаттарын күшейту аса қажет - министр

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің фейсбук парақшасында жариялаған видеожолдауында ақпарат және коммуникациялар саласында талқыланып жатқан заң жобасындағы «Журналистік этика» негіздерін түсіндіру нормасының қажеттілігін түсіндіріп берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Ол нормада көзделгені - объективтілік, заңдылық, шынайылық, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысын,абыройын құрметтеу. Атап айту керек, осы норманы орындамағаны үшін жаза жоқ. Соған қарамастан, кейбір БАҚ өкілдері бұл норманы заңға енгізудің қажеті жоқ деп жүр. Біз мұнымен келіспейміз», - дейді министр.

Дәурен Абаев аталған норманы енгізудің маңыздылығын нақты мысалмен келтірді.

«Өткен жылы Алматыда болған терактіні еске алайық. Өздеріңіз білесіздер, санаулы уақыт ішінде әлеуметтік желіде қаншама жалған ақпарат тарап кетті. Біздің кейбір сайттарымыз сенсация қуып, сол ақпаратты тексермей, жариялап жіберді. Сөйтіп ел ішінде үрей туғызды. Бұл жағдай құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтірді. Әрбір ақпаратты тексеру үшін қаншама уақыт, қаншама күш жұмсалды. Осының барлығы кейбір әріптестеріміздің өз жұмысына кәсіби тұрғыдан қарамауынан туындады. Сондықтан да, журналистік этика қағидаттарын күшейту аса қажет деп ойлаймын. Осы тұрғыдан келгенде бұл, ең алдымен, журналистердің беделін арттыруға жасалған қадам», - деп түйді Дәурен Абаев.

Соңғы жаңалықтар