Жуырда Алматы облысында қазіргі заманғы көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істей бастайды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау арқылы жетісулықтарға 5000-нан астам тонна пияз жеткізілетін болады.
None
None

Үш жақты келісім «АРТ Техпром» ЖШС, «Ресей Жинақ банкі» АҚ және «Даму» Қоры арасында келісімшартқа қол қойылды. Осы келісімшарт бойынша ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Іле ауданында көкөніс сақтау қоймасын салу үшін жартылай мөлшерлеме 7 пайыз көлемінде субсидиялау басталады.

«Біздің аймағымыз үшін маңызды болып табылатын жобаларды қолдау мақсатында, несиенің пайыздық мөлшерлемесінің жартысын мемлекет төлейді», - деді Алматы облысы бойынша аймақтық «Даму» Қоры филиалының директоры Ринат Талтүсов.

«АРТ Техпром» ЖШС көп уақыт бойы сақтауға болатын ең үздік сұрыптағы пияздарды өсіреді. Пиязды суару үшін арнайы жабдықтар (құрылғылар)  қолданылады. Компанияда ең үздік агрономдар мен мамандар жұмыс істей отырып, отандық және шетелдік техниканы қолданатын болады. Барлық өнім экологиялық тұрғыдан алғанда таза және де сапа сертификаты бар.

Бірегей технология арқылы өсірілген өнімді алқаптардан тікелей жеткізуге болады.  Автоматтық режимдегі қойманың жабдықтары қажетті мөлшерде өнімді құрғатады. Өздерінің өнімдерін сақтау үшін қойманың қызметтеріне басқа да ауданның фермерлері жүгініп жатыр.  

Соңғы жаңалықтар