15:40, 13 Қараша 2013 | GMT +5
Жүзу спортынан өткен ел біріншілігінен батысқазақстандықтар жүлдемен оралды
ОРАЛ. 13 қараша. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Сәтпаев қаласында жүзу спортынан жасөспірімдер арасында өткен ел біріншілігінен батысқазақстандықтар олжалы оралды.

Республика өңірлерінен 90-ға жуық балғын спортшы қатысқан сайыста Жәңгір Жолдаспаев 50 метрге браспен жүзу әдісі бойынша үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ Мәншүк Сұлтанғалиева 50 метрге баттерфляй әдісі және жүзудің аралас түрлері бойынша қола жүлдені еншіледі.
Аталмыш жарысқа БҚО-дан алты спортшы қатысып қайтты.