14:28, 04 Мамыр 2011 | GMT +5
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында есірткі сататын 7 нүкте жойылды
АҚТӨБЕ. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы жыл басынан бері есірткі сатумен айналысқан 7 нүктені жойды, сатудың 25 фактісінің жолы кесіліп, заңсыз айналымнан 7 келіден астам түрлі есірткі заттары алынды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, аймақта есірткінің ірі партияларын анықтауға және оның тасымалдану арналарын жоюға бағытталған жұмыс мақсатты түрде жүзеге асырылуда.
Жалпы алғанда, жыл басынан бері ҚР ӘҚК 320-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 21 құқық бұзушы, сондай-ақ көлікті есірткіге елтіп басқарған 60 жүргізуші ҚР ӘҚК 467-бабы бойынша жауапқа тартылды.